Ермаштың Бразилиядағы оқиғасы: 20 минут картинасыз тікелей эфир жүргізіп, Ұлттық арнаны "құтқарды"

Қазақстан боксшылары Өзбекстаннан тағы қалып қойды

05.12.2023, 09:20

Ереванда жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты өз мәресіне жетті

Қазақстан боксшылары Өзбекстаннан тағы қалып қойды
instagram.com/ordosport

Армения астанасы Ереванда бокстан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты өз мәресіне жетті. Аталған жарысқа қатысқан қазақстандық спортшылар төрт алтын және алты қола медаль жеңіп алды.

Жалпыкомандалық есепте Қазақстан төртінші орынға тұрақтады. Бірінші орында – Ресей (7 алтын, 2 күміс, 7 қола), екінші орында – Армения (4 алтын, 5 күміс, 1 қола), үшінші орында – Өзбекстан (4 алтын, 3 күміс, 4 қола).

Жалпыкомандалық рейтинг: 

1. Ресей — 7-2-7
2. Армения — 4-5-1
3. Өзбекстан — 4-3-4
4. Қазақстан — 4-0-6
5. Үндістан — 3-9-5
6. Ирландия — 2-0-1
7. Польша — 1-0-3
8. Қырғызстан — 1-0-1
9. Грекия — 0-1-2
9. Румыния — 0-1-2
11. Болгария — 0-1-1
11. Беларусь — 0-1-1
11. Германия (IBA) — 0-1-1
14. Тәжікстан — 0-1-0
14. Албания — 0-1-0
16. Грузия — 0-0-3
16. Тайвань — 0-0-3
18. Испания — 0-0-1
18. Венгрия — 0-0-2
20. Мексика — 0-0-1
20. Ауғанстан — 0-0-1
20. Эквадор — 0-0-1
20. Иордания — 0-0-1
20. Оңтүстік Корея — 0-0-1
20. Тунис — 0-0-1
20. Бельгия — 0-0-1.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасынан алтын медальды Нұрасыл Төлебек (54 кг), Аяжан Сыдық (54 кг), Толғанай Қасымхан (60 кг) және Айсұлу Мұхит (66 кг) иеленді.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам