“1bol.kz” сайтын қолдағаныңыз - қазақша сапалы контентке жаныңыз ашығаны! Дауыс беріңіз

Жәнібек Әлімханұлы Қазақстандағы спарринг-қарсыласын көрсетті

12.09.2024, 12:49

Боксшы бұл жолы салмақ қууда проблема болмайтынын айтқан еді

Жәнібек Әлімханұлы Қазақстандағы спарринг-қарсыласын көрсетті
Instagram/janibek_alimkhanuly

Қазан айында кәсіпқой бокстағы кезекті жекпе-жегін өткізетін Жәнібек Әлімханұлы дайындық жұмыстарын Қазақстанда өткізіп жатыр. Боксшының жаттығу залындағы видеоларын әлеуметтік желіден көруге болады. Соңғы видеода Жәнібек спарринг-қарсыластарын көрсетіп, дайындықтың жоғары деңгейде екенін мәлімдеді.

WBO/IBF нұсқалары бойынша әлем чемпионы атағын қорғайтын «QAZAQ Style» жақында ғана Қазақстан азаматтығын алған Аман Қонысбековпен бірге шеберлігін шыңдауда.

Аман Қонысбеков өткен жылы Өзбекстан чемпионатында қола жүлдегер атанған. Кейін атажұртына оралуға шешім қабылдаған боксшы бүгінде Түркістан облысының құрамасына қабылданды. Ол биыл мамыр айында «Елорда кубогына» қатысып, үшінші орынға тұрақтаған болатын.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам