«Португалия Даниядан жеңілгенде қуандым»: Роналдудың анасы шынын айтты

Chris Brunskill/Fantasista/Getty Images
Chris Brunskill/Fantasista/Getty Images

Португалдық даңқты футболшы Криштиану Роналдудың анасы Долорес Авейру ұлтық құраманың Даниядан жеңілісінен кейін қуанғанын жасырмады. Ол бас бапкер мен федерация басшыларын сынап, ұлына қиянат жасалғанын тағы айтып отыр.

Еске салайық, Ұлттар лигасының бесінші турында Португалия өз алаңында Данияны қабылдап, 1:4 есебімен жеңіліп қалды.

«Әрине, Криштиануға бұл нәтиже ауыр тиді, көңіл-күйі түсіп кетті. Ол алданды. Ал, Португалияның жеңілгені лайықты, сол керек оларға. Мен тіпті, қуандым. 

Роналдуды ұлықтау бұлай өтпеуі керек еді, өзін шақырып, өзімен қоштасу керек еді. Ұлттық құрамада менің ұлымды сыйламайтынын білемін, өз командаластары да құрметтеген жоқ. Сондықтан, оның қоштасу ойыны «Спортингте» өтеді, осында оны сыйлайды», - деді Долорес Авейру. Оның сөзін A Bola басылымы жариялады.

Еске салайық, Криштиану Роналду биыл қараша айының басында Португалия құрамасындағы мансабын аяқтағанын мәлімдеді. Ол команданың бас бапкері Жорже Жезушпен жанжалдасып қалған.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам