"Қайраттың" чемпиондығына күмән. Мазақ болған "Астана". Өтірік сөйлеген депутат – ҚПЛ-дің соңы

«Біз үшін тиімді»: World Boxing Головкиннің төрағалыққа келуіне қатысты жауап берді

27.09.2024, 11:40

GGG әуесқой боксты Олимпиада ойындарында қалдыру жұмыстарымен айналысады

«Біз үшін тиімді»: World Boxing Головкиннің төрағалыққа келуіне қатысты жауап берді
olympic.kz

Еліміздің ҰОК президенті Геннадий Головкин World Boxing қауымдастығы Олимпиадалық комиссиясының төрағасы болып тағайындалған еді. Осыған байланысты қауымдастық ресми мәлімдеме жасады.

World Boxing президенті Борис ван дер Ворсттың сөзінше, қазақстандық спортшының атқаратын жұмысы олар үшін тиімді болмақ.

«Геннадий – соңғы онжылдықтағы әлемдегі ең мықты боксшылардың бірі және ол біздің ісімізді қолдайды. World Boxing игілігіне жұмыс істеу үшін өзінің тәжірибесін, білімі мен беделін пайдаланады, бұл біздің ұйымымыз үшін маңызды ынталандыру. Олимпиадада да, кәсіпқой бокста да үлкен жетістіктерге жеткен адам ретінде Геннадий спортты терең түсінеді. Олимпиадалық қозғалысқа қатысуды жалғастыру бокстың әуесқойлықтан кәсіпқойлыққа дейінгі барлық деңгейлерде табысқа жетуі үшін неге соншалықты маңызды екенін жақсы біледі. Геннадий біздің ұйым үшін үлкен рөл атқаратын болады және мен бокстың олимпиадалық қозғалыстың орталығында қалуын қамтамасыз ету жөніндегі миссиямызды жүзеге асыруда онымен тығыз жұмыс істеуді асыға күтемін», - деді World Boxing президенті.

Бұдан бөлек, Головкиннің жаңа лауазымы туралы оқиғадан кейін еліміздің бокс федерациясы World Boxing-ке кіруге өтінім бергенін мәлімдеді.

Айта кету керек, еліміздің ұлттық бокс құрамасы қараша айының соңында ІВА ұйымдастыратын Азия чемпионатына қатысуды көздеп отыр. Енді бұл жарысқа бару мәселесі қайта қаралатын болды.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам