Қыздар мен ерлер боксы теңеседі. Еркекшора бокшылар. Ұлттық құрамадағы интирига

«Әлеуметтік желіде мезі болған боксшы»: америкалық маман Жәнібек Әлімханұлын сынады

30.09.2024, 09:28

Желі қолданушылары оның жұртты жалықтырып жібергенін жазды

«Әлеуметтік желіде мезі болған боксшы»: америкалық маман Жәнібек Әлімханұлын сынады
Instagram/janibek_alimkhanuly

Әлеуметтік желіде жиі жазба қалдырып, даңқты боксшыларды жекпе-жекке шақырудан жалықпайтын Жәнібек Әлімханұлы сын астында қалды. Бокс шоуларын ұйымдастырумен айналысатын америкалық телепродюсер Марк Ортега қазақ боксшысын «жұртты мезі етті» деп айыптады.

Еске салсақ, Жәнібек күні кеше X әлеуметтік желісінде WBC бойынша әлем чемпионы Карлос Адаместі жекпе-жекке шақырған болатын.

«Менің Аустралиядағы жекпе-жекте қанша сыйақы алатынымды бәрі біледі. Маған ақша маңызды емес! Маған атақ маңызды! Бокс – бұл бизнес емес. Бұл – спорт. Чемпион чемпионмен төбелесуі керек!

Карлос, мен 4 қазан күні Аустралияда жұдырықтасамын. Сенен келісімшарт күтемін. Қаңтар немесе ақпанда айқас ұйымдастырайық. Келісімшартты жібер», - деп жазды Әлімханұлы.

Мұнан кейін Ортага Жәнібекке: «Әлеуметтік желіде жұртты мезі еткен боксшы» деп жауап жазды. Ал, өзге желі қолданушылары қазақ боксшысына «әбден ішті пыстырып жібердің», «жалықтырдың» деп пікір қалдырған. Олардың бірі Жәнібекті Конор Макгрегорға ұқсатса, Ортега: «Конор кейде күлдіретін, ал Жәнібек болса жылаңқы» деп жауап жазды оған да.

Еске салайық, 4 қазанда Жәнібек Әлімханұлы Аустралияда жаңазеландиялық Андрей Михайловичпен шаршы алаңға шығады. Бұл жекпе-жекте бәске Жәнібектің WBO және IBF белбеулері тігіледі.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам