Ол 1/8 финалда Диас Молжігітовтен төрешілер шешімен жеңіліп қалды
Өзбекстаннан тарихи отаны Қазақстанға қоныс аударған жас боксшы Аман Қонысбеков Шымкентте өтіп жатқан Қарақозы Әбдәлиевті еске алуға арналған халықаралық турнирде жеңіліп қалды.
Ол 1/8 финалда Диас Молжігітовтен төрешілер шешімен жеңіліп қалды.
Айта кетейік, Аман Қонысбеков – Өзбекстанның Навои облысында дүниеге келген. Отбасында төрт бала бар. Әкесі – көлік жүргізуші. Анасы жергілікті емханада медбике болып істейді. Боксшы былтыр Өзбекстан чемпионатының жартылай финалында Париж Олимпиадасының чемпионы Асадхужа Муйдинхужаевпен кездескен. Сол кезде үш раунд қорытындысы бойынша Муйдинхужаев төрешілердің бөлек шешімімен жеңіске жетті. Дегенмен, бірінші раундта Қонысбеков қарсыласын бір рет нокдаунға түсіргенін еске сала кетейік.
Биыл Қазақстанға қоныс аударғаннан кейін алғаш рет шаршы алаңға мамырда шықты. Астанада өткен «Елорда кубогы» халықаралық турнирінде бақ сынап, қола жүлде еншіледі.Өзбекстанда туған қазақ боксшысы Қазақстандағы алғашқы жетістігіне қол жеткізді.