Қыздар мен ерлер боксы теңеседі. Еркекшора бокшылар. Ұлттық құрамадағы интирига

Айбек Оралбай халықаралық турнирде қарсыласын нокаутқа жіберді

02.10.2024, 10:08

Айбек украиналық боксшы Кирилл Стоянцевпен кездесті

Айбек Оралбай халықаралық турнирде қарсыласын нокаутқа жіберді
instagram.com/boxingkazakhstan

Бокстан Қазақстан құрамасының капитаны Айбек Оралбай Кеңес одағының батыры Қарақозы Әбдалиев атындағы халықаралық турнирде алғашқы айқасын өткізді.

1/8 финалда 92 келіден жоғары салмақ өкілі Айбек украиналық боксшы Кирилл Стоянцевпен кездесті. Жекпе-жек бірінші раундта Оралбайдың нокаутымен аяқталды.

2 қазан күні өтетін ширек финалда Оралбай түркиялық Айдемир Угурмен өзара кім мықтыны анықтайды.

Естеріңізде болса, Оралбай Париждегі Олимпиада ойындарынан соң салмағын ауыстырды. Бұған дейін ол 92 келіге дейінгі салмақта өнер көрсетті.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам