Қыздар мен ерлер боксы теңеседі. Еркекшора бокшылар. Ұлттық құрамадағы интирига

Махмұд Сабырхан қырғыз боксшысын техникалық нокаутпен жеңді (ВИДЕО)

02.10.2024, 17:00

Бірінші жекпе-жегін де ол дәл осындай жеңіспен бастаған еді

Махмұд Сабырхан қырғыз боксшысын техникалық нокаутпен жеңді (ВИДЕО)
olympic.kz

Шымкентте өтіп жатқан Қарақозы Абдалиев атындағы халықаралық турнирде 57 келіде өнер көрсетіп жатқан Махмұд Сабырхан Қырғызстаннан келген қарсыласын техникалық нокаутпен жеңді.

Алғашқы жекпе-жегін де Сабырхан техникалық нокаутпен аяқтаған болатын. Ол кезде жергілікті боксшыны бүйірден ұрып тоқтатса, бүгін қырғыз Елхан Молдогазиевті бас көтертпей сабады.

Жекпе-жек бастала салысымен басымдықты өз қолына алған әлем чемпионы қарсыласына еш мүмкіндік бермеді: бұрыштан бұрышқа қуалап соққылар сериясын жаудырды. Төреші алдымен нокдаун санаса, артынша кездесуді тоқтатуға мәжбүр болды.

Айта кетейік, аталған турнирге Қазақстан құрамасы боксшыларының басым көпшілігі қатысып жатыр. Олардың қатарында Санжар Тәшкенбай, Сәкен Бибосынов, Дулат Бекбауов, Мұхамедсабыр Базарбай, Айбек Оралбайлар бар.

48 келі

2021 жылғы әлем чемпионы Теміртас Жүсіпов қырғыз Ержігіт Анарбекұлына еш мүмкіндік қалдырған жоқ.

Сол секілді 2023 жылғы әлем чемпионы Санжар Тәшкенбай Равшан Тұрарқұловты жеңді.

54 келді

Сәкен Бибосынов осы турнирде 54 келіде жұдырықтасуда. Бүгін ол Мейрамбек Алпысбайдың осал тұсын тапты.

57 келі

Оразбек Асылқұлов өзбек Санжар Вахобовты жеңді. Әлем чемпионы Махмұд Сабырхан қырғыз Елхан Молдагазиевті екінші раундтв техникалық нокаутқа түсірді.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам