Қыздар мен ерлер боксы теңеседі. Еркекшора бокшылар. Ұлттық құрамадағы интирига

Махмұд Сабырхан финалда Олимпиада чемпионы Абдумалик Халоковты жеңген боксшымен кездеседі

03.10.2024, 17:44

Махмұд Сабырхан мен Оразбек Асылқұлов өзара жолығады

Махмұд Сабырхан финалда Олимпиада чемпионы Абдумалик Халоковты жеңген боксшымен кездеседі
ҰОК

Шымкентте өтіп жатқан Қарақозы Әбдіалиев атындағы халықаралық турнирдің 57 келіге дейін салмақтағы финалистері анықталды.

Атап айтқанда ертең 2023 жылғы әлем чемпионы Махмұд Сабырхан мен Ақмола облысының тумасы Оразбек Асылқұлов өзара жолығады.

Былтыр бұл екеуі Астанадағы жарыста кездескенде Махмұд жеңіске жеткен. Бірақ кейбір жанкүйерлер төрешілердің шешіміне риза болмаған еді.

Бүгін жартылай финалда Сабырхан украиналық Олег Чулячевті жеңді. Ал Асылқұлов Асылжан Серікбайдан басым түсті.

Айта кетейік, Оразбек өзбек боксшысы, Олимпиада чемпионы Абдумалик Халоковтың осал тұсын тапқан соңғы боксшы. Отандасымыз 2023 жылы Болгарияда жеңген еді. Содан кейін Халоков бірде-бір жарыста қарсыласына есе жіберген емес.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам