Шавкат бейнеленген ресми UFC мерчін алуға асық

«Қазақстан тарихындағы ең төменгі көрсеткіш»: Қытайда Азия ойындары аяқталды

08.10.2023, 13:06

Тоқаев спорт шенеуніктерін жазалай ма?

«Қазақстан тарихындағы ең төменгі көрсеткіш»: Қытайда Азия ойындары аяқталды
tengrinews.kz

Қытайдың Ханчжоу қаласында жазғы Азия ойындары бүгін өз мәресіне жетті. Қазақстан спортшылары құрлықтық бәсекеде барлығы 80 медаль еншілеп (10 - алтын, 22 - күміс, 48 - қола), турнир кестесінің 11-сатысына жайғасты.

Айта кетейік, бұл – тәуелсіз Қазақстан тарихындағы ең төменгі көрсеткіш. 2018 жылы Индонезия астанасы Джакартада өткен Азиадада біздің құрама  алтын медаль алып, жарысты тоғызыншы орында аяқтаған болатын. Ал, 2014 жылы Инчеонда (Оңтүстік Корея) біздің спортшылар 28 алтын медаль еншілеп, жалпыкомандалық есепте төртінші орынға қол жеткізген.

Ұлттық құраманың бұл сәтсіздігі үшін спорт шенеуніктері жазалана ма, жоқ па – уақыт көрсетеді. Осы Азия ойындарының алдында Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов қызметінен қуылып, министрлік екіге бөлінген болатын. Енді бұл ведомство Спорт және туризм министрлігі деп аталады. 

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам