Ермаштың Бразилиядағы оқиғасы: 20 минут картинасыз тікелей эфир жүргізіп, Ұлттық арнаны "құтқарды"

Жәнібек Әлімханұлын чемпиондық белбеуінен айыруы мүмкін

08.10.2024, 15:16

Бұл туралы инсайдер Batman Boxing парақшасында жазылды

Жәнібек Әлімханұлын чемпиондық белбеуінен айыруы мүмкін
instagram.com/janibek_alimkhanuly

«Қазақ стилі» жақында ғана Сиднейде жаңазеландиялық боксшы Андрей Михайловичті нокаутқа жіберіп, атақтарын сәтті қорғады.

Жекпе-жек басталғанға дейін Жәнібек пен оның командасының тарапына көптеген былапыт сөздер айтып, ал айқас алдында Қазақстанның ескі әнұраны қойылды. Дегенмен мұндай келеңсіздіктің ешқайсысы Әлімханұлының сенімді түрде жеңіске жетуіне кедергі келтіре алған жоқ.

Отандық былғары қолғап шеберінің тоғызыншы раундтағы нокаутынан соң жанкүйер енді Жәнібек Эрисланди Лара немесе Хамза Шираз секілді мықтылармен кездеседі деген болжам жасады. Алайда бәрі біз ойлағандай болмай шықты. Соңғы мәліметтер бойынша, Жәнібек Әлімханұлын WBO атағынан айыруы мүмкін. Бұл туралы инсайдер Batman Boxing парақшасында жазылды.

«Айттым ғой сіздерге. Хамза Шираз бос тұрған WBO Middle титулы үшін бокстасады, себебі олар Жәнібекті атағынан айырудың жолын тапқан», - делінген мәліметте.

Сонымен қатар ұлыбританиялық боксшы Хамза Шираздың бос тұрған WBO белбеуін Дензел Бентлимен сарапқа салынатынын қоса кеткен.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам