Ермаштың Бразилиядағы оқиғасы: 20 минут картинасыз тікелей эфир жүргізіп, Ұлттық арнаны "құтқарды"

Назым Қызайбайға ұлттық құрамада жаңа міндет жүктелді

13.10.2024, 10:43

Құрама Азия чемпионатына дайындалып жатыр

Назым Қызайбайға ұлттық құрамада жаңа міндет жүктелді
olympic.kz

Париж Олимпиадасының қола жүлдегері Назым Қызайбай бокстан ұлттық құраманың капитаны болып сайланды.

Қазақстан әйелдер құрамасының Түркістан облысындағы оқу-жаттығу жиыны аясында  бапкерлер мен боксшылар жаңа құрама капитанын бекіткен. 

«Спортшылардың басым көпшілігінің дауысымен Париж Олимпиадасының қола жүлдегері, екі дүркін әлем чемпионы Назым Қызайбай бокстан Қазақстан әйелдер құрамасының капитаны ретінде сайланды», - деп жазды еліміздің бокс федерациясының баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта бокстан әйелдер құрамасы Азия чемпионатына әзірленіп жатыр. Сары құрлық біріншілігі Иордания астанасында 30 қараша мен 11 желтоқсан күндері аралығында өтеді.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам