Қазақстанда футбол деңгейі нөл. Айболдың “крышасы” кім? Шалдар, кетіңдер!

«Мықты боксшы»: Ермек Маржықпаевтың жаттығу жасаған сәті талқыға түсті

15.10.2024, 16:10

Ермек Маржықпаев бұрын бокстан спорт шебері нормантивін орындаған

«Мықты боксшы»: Ермек Маржықпаевтың жаттығу жасаған сәті талқыға түсті
Видеодан кадр

Қыркүйекте туризм және спорт министрі лауазымымен қош айтысқан Ермек Маржықпаевтың жаттығу барысынан бейнежазба жария болды.

Бокс жаттығуын жасаған премьер-министрдің қазіргі кеңесшісі өзін бабында екенін көрсетіп отыр. Әлеуметтік желіде жария болған бейнежазбада экс-министрдің өнеріне сүйсінгендердің қарасы көп болды.

Ермек Маржықпаев бұрын бокстан спорт шебері нормантивін орындаған. Ол жасөспірім шағында Қазақстан құрамасы сапында өнер көрсетті.

2023 жылы министр болып тағайындалған шенеуніктің тұсында Қазақстан спортшылары Париж Олимпиадасына қатысып, 7 жүлдемен оралған еді. Олардың ішінде отандық атлеттер 1 алтын, 3 күміс, 3 қола жүлдеге қол жеткізді.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам