Шавкат бейнеленген ресми UFC мерчін алуға асық

Баходир Жалолов рейтингте бірден құлдырады

21.10.2024, 09:19

Ол Париж Олимпиадасына дайындалу үшін біршама уақыт кәсіпқой рингтен кеткен болатын

Баходир Жалолов рейтингте бірден құлдырады
IBA

Дүниежүзілік бокс кеңесі (WBC) барлық салмақ дәрежесіндегі боксшылардың рейтингін жаңартты. Тізімде Қазақстан мен Өзбекстанның бірнеше өкілі бар.

Мәселен, орта салмақта жұдырықтасатын Мейірім Нұрсұлтанов екінші орыннан үшіншіге төмендеген. Ол Хамза Шираз бен кіші Крис Юбенктен кейінгі сатыға жайғасты.

Соңғы рет Мейірім 2023 жылдың қараша айында рингке шыққан болатын. Ол кезде отандасымыз Чили боксшысы Хулио Аламосты төрешілер шешімімен жеңді. Биыл 13 шілдеде ол кезекті жекпе-жегін өткізуі тиіс болған. Алайда, бұл кездесу кейінге шегерілді.

Екінші орта салмақта өнер көрсететін өзге қазақстандық Али Ахметов болса 14-тен 13-ші сатыға жоғарылады. Биыл қыркүйек айында ол Дублинде (Ирландия) камерундық Пьер Дибомбені жеңген болатын.

Ал, аса ауыр салмақтағы өзбек боксшысы Баходир Жалолов болса бірден үш сатыға құлдырады да, тоғызыншы орынға жайғасты. Ол Париж Олимпиадасына дайындалу үшін біршама уақыт кәсіпқой рингтен кеткен болатын.

Жеңіл салмақтағы Хасанбой Дусматов өз позициясын жақсартты. Бұған дейін ол 4-орында тұрса, енді үшіншіге көтерілді.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам