Қазақстан құрамасының намысын 19 жасқа дейінгі төрт боксшы қорғайды
Бүгін АҚШ-та World Boxing ұйымдастыруымен бокстан тұңғыш әлем чемпионаты басталады. Қазақстан құрамасының намысын 19 жасқа дейінгі төрт боксшы қорғайды.
55 келі: Ерасыл Амангелдиев 1/8 финалда Ондрей Томашпен (Чехия) кездеседі.
65 келі: Асылхан Көшербай 1/8 финалда Томаш Стойкамен (Чехия) жұдырықтасады.
70 келі: Диас Серікұлы 1/8 финалда Алжир өкілі Ислам Дахлалмен рингке шығады.
85 70 келі: Даниял Райымбеков жартылай финалда Шин Минсеунмен (Оңтүстік Корея) шығады.
Жекпе-жек 26 қазаннан 27 қазанға қараған түні Қазақстан уақыты бойынша сағат 2:00-де басталады.
Тікелей трансляция World Boxing арнасынан көруге болады.
Естеріңізге сала кетейік, World Boxing IBA-ның орнына ХОК мойындаған жаңа құрылым. Бұл ұйымның басшылық құрамында ҰОК президенті Геннадий Головкин де бар. Ол аталған федерацияның жаңа Олимпиадалық комиссиясының төрағасы болды.