Бразилиядағы оқиғалар-2: фэйк Рональдиньо, қарапайым Клозе, жұрт ұмытқан МакМанаман

Жүрген жерінде белбеулерін сүйреп жүретін Ангелина Лукас сынға қалды

26.10.2024, 18:46

Боксшының осындай пафоспен айналысатынына реніштерін білдіргендер бар

Жүрген жерінде белбеулерін сүйреп жүретін Ангелина Лукас сынға қалды
instagram.com/angelina_lukas1997

Жақында Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев кәсіпқой боксшы Ангелина Лукасты құрмет грамотасымен марапаттаған болатын. Әкімнен марапат алуға сахнаға шыққанда боксшы бірнеше белбеуін көтеріп шығады.

Бұл желі қолданушыларына ұнамай қалған. Боксшының осындай пафоспен айналысатынына реніштерін білдіргендер бар.

«Неменеге белбеулерін сүйреп шыққан», «Сценарий ғой», «Көрсетпесе неменеге жеңіп алды?»,- деп жазып жатқандар бар.

Айта кетейік, Ангелина Лукас (10-1, 5 КО) қазан айының басында Бангкокте (Таиланд) өткен кәсіпқой бокс кешінде жеңіске жетіп, IBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағын иеленген еді.

Екінші жеңіл салмақта өнер көрсететін Лукас чемпиондық белбеу үшін болған жекпе-жекте аргентиналық Дебора Анаи Лопесті (21-2-1, 1 КО) төрешілер шешімі бойынша жеңді.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам