ҚФФ-ға жастар басшы болады. Олар ескі жүйені бұзып, жаңашылдық әкеле ала ма?

Қостанай облысында экс-полицейді бокс мектебіне директор етіп тағайындаған

04.11.2024, 14:54

2016 жылдан бері қостанайлық боксшылар олимпиадалық құрамға ілікпеген

Қостанай облысында экс-полицейді бокс мектебіне директор етіп тағайындаған
boxing-academy.ru

«ТоболИнфо» басылымы редакцияға шағымданып келген Қостанай облысының боксшыларының шағымын жариялады. Қостанай бокс мектебі еліміздегі ең мықтылардың бірі екендігін жұрт баяғыда мойындап қойған. Бұл өңірдің боксы туралы айтқанда, алдымен Эрик Хакимов, Александр Мирошниченко, Берік Жаманқұлов, Иван Дычко және Василий Левит секілді былғары қолғап шеберлері еске түседі. Аға буынның соңынан ерген мықтылар жастар арасында да бар. Сондықтан соңғы уақытта бокс саласында болып жатқан жайттар көпшіліктің көңіліне күдік ұялатқаны рас.

2020 жылғы Токио олимпиадасынан бастап бокстың құлдырай бастағаны жасырын емес. Сол жылы спортшылар екі медаль иеленсе, Париж ойындарынан да боксшылармыз алтынсыз қайтты. Ал 2016 жылғы Олимпиада ойындарынан бері қостанайлық боксшылар олимпиадалық құрамға ілікпеген. Мамандардың айтуынша, мұның бәріне орынсыз тағайындаулар себеп.

«Былтыр боксты басқару мектебіне директор болып Қанат Нұрпейісов келген. Алайда оның басшылығымен жағдай күрт нашарлап, бапкерлер құрамымен шиеленістер басталған. Солардың кейбірі тіпті қуылып кетті. Қуылғандардың соңғысы - Қадырбек Олжабаев. Жұмыстан шығарылған кезде ол Бахрейндегі оқу-жаттығу жиындарында жүрген, ал оның шәкірті бүкіләлемдік гимназиада чемпионы атанған», - делінген басылым жариялаған мақалада.

Бұл әрекеттердің барлығы бапкерлердің ашуына тисе керек, олар Қостанай облыстық спорт басқармасына арнайы хат та жазған. Нәтижесінде директор жылы орнын босатқан. Алайда бұл лауазымды қызметке Берік Доданов тағайындалды. Жыттықтырушылар құрамы Додановтың бокстан мүлде хабары жоқтығын айтып налиды.

«Боксшылардың бірін де танымайтын жаңа директор тағайындалды. Ол бұрын қоян-қолтық ұрыспен айналысқан. Полицияда жұмыс істеген, енді келіп аяқ астынан облыстық спорт мектебіне басшы ретінде келіп отыр. Меніңше, бұл адам не бокс ұжымын, не еңбекті ұйымдастыруды, не оқу-жаттығу процесін білмейді. Ол жақта мүлде бөлек адам – осы саладан хабары бар адам отыруы керек», — деді спорт ардагері Аманбек Әбікенов.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам