Қыздар мен ерлер боксы теңеседі. Еркекшора бокшылар. Ұлттық құрамадағы интирига

Махмуд Сабырханның туған інісі ересектер құрамасына қашан өтетіні айтылды

13.12.2023, 14:00

Ол Азияның үш дүркін чемпионы

Махмуд Сабырханның туған інісі ересектер құрамасына қашан өтетіні айтылды
Қазақстан бокс федерациясы

Жуырда ғана бокстан жастар арасында Азия чемпионы болған Төрехан Сабырхан да туған ағасы Махмудпен бірге ұлттық құрамадан орын алуы мүмкін. Қазір 63,5 келіде өнер көрсететін ол бір жылдан кейін ересектер қатарына өтіп, 67 келіде Қазақстанның номеры бірінші боксшысы болуды көздейді екен.

Бұл туралы әлем чемпионы Махмуд Сабырхан Қазақстан бокс федерациясы ұйымдастырған сұхбат барысында айтты.

«Інім таяуда Астанада өткен жастар арасындағы Азия чемпионатына қатысып, топ жарды. 63,5 келіде сынға түскен жас спортшы финалда үндістандық Сингх Яшвардханды 5:0 есебімен ұтты. Әлі бір жыл бойы жастар құрамасында болады. Кейін ересектер сапында 67 келіде жұдырықтасуды көздеп отыр», - деді Махмұд Сабырхан.

Айта кету керек, Төрехан жасөспірімдер арасында да Азия чемпионатын екі рет жеңіп алған. Соңғы жарыста ол финалған дейінгі қарсыластарының бәрін техникалық нокаутпен жеңген.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам