Боксшының қара жұмыс істегеніне көпшілік тәнті болды
Черногорияда өткен бокстан жастар арасындағы әлем чемпионатының жеңімпазы Төрехан Сабырхан желі қолданушыларын тәнті етті.
Әлемнің ең үздік боксшысы атанған Қазақстан құрамасының капитаны Төрехан Сабырхан елге оралған соң бірден үй шаруасына кірісіп кеткен.
Боксшының мал жайғап, жұмыс істеп жүрген сәті қызу талқыланып жатыр.
«Ата-анасына рахмет осындай чемпионды тәрбиелеген», «Чемпионның көпшілігі ауылдан шығады», «Осы қара жұмыстың пайдасы көп қой», «Қарапайымдылық трендте», «Олимпиада чемпионы бол», - деп жазды желі қолданушылары.