Шавкат бейнеленген ресми UFC мерчін алуға асық

«Әйелім жылап қалады»: Бекзат Нұрдәулетов жеке өміріне қатысты сұрақтарға жауап берді

09.11.2024, 12:20

Ол кәсіпқой бокстан әуесқойға қайта оралды

«Әйелім жылап қалады»: Бекзат Нұрдәулетов жеке өміріне қатысты сұрақтарға жауап берді
Қазақстан бокс федерациясы

Бокстан әлем чемпионы Бекзат Нұрдәулетов жылына қанша кітап оқитынын, отбасын құрғалы жаттығуына қалай әсер еткенін және бапкерінің орнын кім басқаны туралы сауалға жауап берді. «Спорт министрі» YouTube-каналына берген сұхбатында спортшы әйелінің неліктен жылайтыны туралы даайтты. 

«Отбасын құрғалы жағдайым жақсара түсті. Әйелім барлық жағдайды жасап, түсіністікпен қарап қолдайды. Отбалылы болуым жаттығуға кедергісін келтірген жоқ. Кімге тұрмысқа шығып жатқанын білді ғой. Тек жаттығу жиындарына кетер алдында бір жылап алатыны бар», - деді ол.

Сондай-ақ, боксшы өзінің көп жылдан бері кітап оқуға әуес екенін атап, бұл әдетті кімнен үйренгенін атады.

«Кітапты жиі оқимыз. Бұған мені баулығын Абылайхан Жүсіпов болатын. Кітапты ол көп оқитын шығар. Екеуіміз бір-бірімізге әрдайым кітап сыйлап тұрамыз. Ақыл-ой айтып, пікір алмасып отыратынымыз тағы бар. Биылға 20 кітап оқуды мақсат еттім. Қазіргі уақытта ол меже тек 12 кітап болды. Осы оқу-жаттығу жиындарына 2 кітап алып келгем. Әр адам кітап оқуы тиіс. Есенберлиннің "Көшпенділелерін" оқыған адам өзінің қазақ екенін, қандай ұлт екенін таныр еді деп ойлаймын», - деді Бекзат Нұрдәулетов.

Сонымен қатар, боксшы өзінің кімнің қарамағында жаттығып жүргенін жеткізді. Оны баптаған Марат Жақиев қазіргі уақытта Англияда көрінеді. 

«Қазіргі таңда жеке бапкерім – елімізге еңбек сіңірген спорт шебері Берік Әбдірахманов. Кезінде бірге дайындалғанбыз. Марат ағай менің бапкерім, ол кісімен әрдайым байланыстамыз. Ол қазір Англияда Мейірім Нұрсұлтановпен кәсіпқой бокс кешіне дайындалып жатыр. Келгеннен кейін бірге жаттығамыз. Жекпе-жек алдында қарсыласқа қатысты тиісті ақылын айтып отырады», - деді Бекзат Нұрдәулетов.

Бекзат Нұрдәулетов 2019 жылы әлем чемпионатында 81 келіде топ жарған болатын. Ол Токио Олимпиадасына қатысушы. Споршы қазан айында Шымкентте Қарақозы Әбдіәлиевті еске алуға турнирде 86 келіде жеңімпаз атанды.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам