![Әлі жеңіліп көрмеген қазақстандық боксшының келесі қарсыласы белгілі болды](https://1bol.kz/cache/imagine/1200/uploads/news/2024/11/25/6744013222a43391994594.jpg)
Ол Америкадағы дебютін өткізеді
Кәсіпқой бокстан аса жеңіл салмақта өнер көрсететін қазақстандық Айдос Медет (12-0, 8 КО) келесі жекпе-жегінің өтетін күні мен қарсыласын анықтады.
BoxRec.com сайтының мәліметінше, қазақ боксшысы шаршы алаңға 11 желтоқсанда оралады. Плант-Ситиде (Флорида, АҚШ) өтетін бокс кешінде Айдос Медет никарагуалық Херсон Ортиспен (17-11, 8 КО) жұдырықтасады. Жекпе-жек алты раундқа жоспарланған.
Айдос АҚШ-та алғаш рет жекпе-жек өткізгелі тұр. Бұған дейінгі бір кездесуі Стамбұлда өтсе, қалғандарының бәрі Қазақстанда болған. Түркияда ол ресейлік Руслан Берчукпен (14-25, 4 КО) жұдырықтасып, төрешілердің шешімімен жеңіске жеткен болатын.