Оның қарсыласының ағзасынан допинг табылды
Қазақстандық боксшы Ертуған Зейнуллиновке 2022 жылғы Ханчжоуда (Қытай) өткен Азия ойындарының қола жүлдесі табысталды. 63,5 келіде өнер көрсеткен отандасымыз ол кезде жартылай финалда моңғол боксшысынан жеңілген болатын.
Ұйымдастырушылардың мұндай шешім қабылдауына Ертуғанды жеңген моңғол боксшысы Баатарсүх Чинзоригтің ағзасынан допингтің табылуы себеп болып отыр. Оның жүлдесі Зейнуллиновке берілсе, өзі 4 жылға спорттан шеттетілді.
Осылайша, Қазақстан боксшысы Ертуған Зейнуллинов ресми түрде 2022 жылғы Азия ойындарының қола жүлдегері атанды.
Айта кетейік Халықаралық антидопинг агенттігі Азия ойындарында доппинг дауына қатысты 16 спортшының тізімі жарияланған. Олардың қатарында Ауғанстандық боксшы Mohammed Khaibar Nooristani да бар.