Боксшы жекпе-жекке дайындықсыз шыққан сәтін еске алды
Орта салмақта WBO/IBF нұсқалары бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (16-0, 11 КО) «Қызық Times» бағдарламасында қонақта болып, көрерменді қыықтырған сауалдарға жауап берді.
Залдағы көрерменнің бірі Жәнібектен «шаршы алаңға дайындықсыз шыққан кездеріңіз болды ма?» деп сұрады.
«Қазақ стилі» әуесқой бокста ондай сәттер болғанын жасырмады.
«Кәсіпқой бокста ондай болған жоқ, себебі кәсіпқой бокс ондайды кешірмейді. Әуесқой бокста болды, есіме алсам, күлкім келеді. Дайындықсыз барғаның бір бөлек, жекпе-жекке KFC жеп шығатынбыз. Жеңген күндер де, жеңілген күндер де болды», - деді Жәнібек.