ЖБ Шоу! Жаңа шығарылым! Минсктегі оқиға: маскүнем жанкүйерлер, Ұлы Жеңіс және масқара жеңіліс

Бес баланың анасы Азия чемпионатының жартылай финалына шықты

04.12.2024, 16:32

Бұған дейін ол 2010 жылы қола жүлдегер атанған

Бес баланың анасы Азия чемпионатының жартылай финалына шықты
ҰОК

Ұзақ уақыт үзілістен кейін ұлттық құрамаға оралған Әйгерім Сәттібаева Таиландтың Чиангмай қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатының жартылай финалына шықты.

33 жастағы жерлесіміз ширек финалда Филиппиннің жас спортшысы Магно Офелиядан басым түсті. Енді отандасымыз 7 желтоқсан күні жартылай финалда өзбекстандық Фарзона Фозиловамен өзара мықтыны анықтайды.

Бұған дейін ол 2010 жылы Астана төрінде өткен Азия чемпионатында 51 келіде қола жүлдегер атанған. Әйгерім Сәттібаева – 5 баланың анасы. Сондай-ақ Азия чемпионы Олжас Сәттібаевтың жұбайы.

Жуырда ғана Қарағандыда өткен «Мықтылар турниріне» қатысып, чемпион атанды.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам