Абылайхан жартылай финалда тәжік боксшысымен жұдырықтасады
Әуесқой боксқа оралған Абылайхан Жүсіпов Азия чемпионатының жартылай финалына шықты.
Жүсіпов Таиландта өтіп жатқан сары құрлық біріншілігінде 71 келіге дейінгі салмақта бақ сынап жатыр. Отандасымыз ширек финалда түрікмен боксшысы Байрамдурды Нурмухамедовтің мысын басты. Жекпе-жекті толық бақылауында ұстаған қазақ спортшысы үшінші раундта қарсыласын нокдаунға да түсірді.
Абылайхан жартылай финалда тәжік боксшысы Шохобжон Шукуровпен өзара кім мықтыны анықтайды.
Бұған дейін 67 келінің өкілі Дулат Бекбауов жартылай финалға қадам басқан. Ол ширек финалда малайзиялық Ариф Мұхаммадты жеңді.