Ол ширек финалда қырғыз боксшысын жеңді
Таиланд Корольдігінің Чиангмай қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатының бүгінгі жарыс күнінде кезекті боксшымыз жартылай финалға шықты.
80 келідегі Ерасыл Жақпеков 1/4 финалда Сағын Сатыбалдыұлымен (Қырғызстан) жарқын жекпе-жек өткізді. Алғашқы раундта қаша ұрыс салған Қырғызстан спортшысының тактикасы жемісін бергенімен, айқастың қалған бөлігінде Ерасыл жойқын соққылар мен қыспаққа алудың арқасында таразы басын өз жағына бұра алды.
Енді жерлесіміз 8 желтоқсан күні жартылай финалда қарсыласын нокаутқа жіберген Тұрабек Хабибуллаевпен (Өзбекстан) жолығады.