Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Иван Дычко кәсіпқой бокста қанша тауып жүргенін айтты

16.12.2024, 13:19

27 желтоқсанда Иван Дычко шаршы алаңға оралады

Иван Дычко кәсіпқой бокста қанша тауып жүргенін айтты
ҰОК

Қазақ боксшысы Иван Дычко  (14-0, 13 КО) Қанат Исмаиловпен өткен подкаста АҚШ-тағы кәсіпқой бокс кештерінен қанша нәпақа тауып жүргенін айтты.

«Маған орта есепті айту қиын. Оны түсіндіріп көрейін. Кейбір жек-жектерден дым алмаймын. Ал кейбіреуінде 20 мың доллар береді. 50 мың доллар алған жекпе-жектер де бар. Сосын тіпті 100 мың долларға келісімге отырып, қалтама бір тиын түспеген жағдайда болды. Ештеңе алмадым, мені алдап кетті. Бұл тіпті менің командам емес, ұйымдастырушылар тарапынан болды. Мұның бәрі әрқайсысы жекелеген сәт. Айта кететін жайт, бастапқы кездері бес раундқа дейін жекпе-жектерде 1000 доллардан кем ақшаға келіспеу керек. Ең болмаса АҚШ-қа барған жолын ақталу қажет қой», - дейді Иван Дычко.

Еске салып өтейік, 27 желтоқсанда Иван Дычко шаршы алаңға оралады. Ол Алматыда ресейлік Виталий Кудуховпен (7-2, 3 КО) жекпе-жек өткізеді. Бұған дейін Дычко 21 тамызда Плант-Ситиде (Флорида штаты, АҚШ) америкалық Крейг Льюисті (15-8-1, 8 КО) екінші раундта нокаутқа түсірген.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам