Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Төрехан Сабырхан финалға шықты

23.12.2024, 18:47

Енді Төрехан финалда маңғыстаулық Санатәлі Төлтаевпен кедеседі

Төрехан Сабырхан финалға шықты
Әлеуметтік желі

Бокстан Қарағандыда өтіп жатқан Қазақстан чемпионатында 67 келіге дейін салмақтың финалистері анықталды.

Биыл ересектер арасында чемпионатқа алғаш қатысқан Төрехан Сабырхан бірінші финалист атанды.

Ол жартылай финалда Жамбыл облысынан келген Елнұр Сүйінбайдан төрешілер шешімі бойынша басым түсті. 

Енді Төрехан финалда Маңғыстау облысының намысын қорғайтын Санатәлі Төлтаевпен кездеседі.

Төлтаев жартылай финалда тағы бір жамбылдық боксшы Илья Калининді үйіне қайтарды.

Төрехан Сабырхан жастар және жасөспірімдер арасында төрт дүркін Азия чемпионы атағын жеңіп алған. 

Ол биыл қараша айында Черногорияның Будва қаласында өткен жастар арасындағы бокстан әлем чемпионатының алтын медалін жеңіп алды.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам