Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

«Исламды қабылдаған ба»: Мединеге барған Жиров көпшілікті ойландырып қойды

26.12.2024, 00:12

Даңқты боксшы әйелімен бірге әлемді саяхаттап жүр

«Исламды қабылдаған ба»: Мединеге барған Жиров көпшілікті ойландырып қойды
instagram.com/stellazdiamond/

Бокстан Атланта Олимпиадасында чкмпионы, қазақстандық даңқты боксшы Василий Жиров әйелі Стелла Диамонтпен бірге Медина қаласына (Сауд Арабиясы) барды. 

Ерлі-зайыпты қала іргесінде фотосуретке түсіп, оны әлеуметтік желіде бөліскен және оған «World travelers», - деп жазба қалдырған. Яғни, әлемді саяхаттап жүргенін айтқан.

Десе де, осы фотосуреттен кейін желі қолданушылары Жировтың діни көзқарасына қатысты әр түрлі пікір жазуда.

Жақын күндері Қазақстанда ұзақ уақыт болған боксшы Қарағандыда өткен бокстан ел чемпионатына құрметті қонақ ретінде қатысқан еді. Кейін ол Астанада Қанат Әбутәліповтің залына барып, жасөспірімдерге шеберлік сағатын өткізді.

Василий Жиров Атланта Олимпиадасынан кейін кәсіпқой боксқа ауысып, АҚШ-қа көшіп кеткен болатын. 1999-2003 жылдар аралығында IBF нұсқасы бойынша әлем чемпионы болған.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам