Жарысқа Қазақстанның бірінші номерлі бірнеше боксшысы қатыспады
Қарағандыда 17-21 желтоқсан күндері аралығында өткен белгілі жатттықтырушы Ғалым Жарылғаповты еске алуға арналған бокстан халықаралық турнир аяқталды. ХХІХ рет өткен айтулы бәсекеде Қазақстан құрамасының бірнеше боксшысы жеңімпаз атанды.
48 келіде әлем чемпионы Теміртас Жүсіпов жеңіске жетіп, финалда Ернар Қараптан басым түсті. Ал, 51 келіде кубалық Жиовис Салфран, 54 келіде Карим Серкебаев, 57 келіде Оразбек Асылқұлов үздік атанды. 60 келіде Талғат Сырымбет, 63,5 және 67 келіде кубалықтар Эрисландо Альварес пен Жайро Рамис жеңістің биік тұғырына көтерілді.
71 келіде БҚО өкілі Сабыржан Аққалықов, 75 келіде Ясин Елвираз (Марокко), 80 келіде Жиож Мануел Сото (Куба) топ жарды.
Бұдан бөлек, 86 келіде Еркебұлан Әкімбай, 92 келіде Сағындық Тоғамбай және аса ауыр салмақта Аманат Сабырғали алтын медальға қол жеткізді.