Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Серік Қонақбаев қазақстандық кәсіпқой боксшыларға жекпе-жек алдында қолдау көрсетті

16.01.2025, 15:10

Қонақбаев жас боксшылардың спарринг-кездесулерін бақылады

Серік Қонақбаев қазақстандық кәсіпқой боксшыларға жекпе-жек алдында қолдау көрсетті
instagram.com/irfin_promotions

1980 жылы Мәскеуде өткен Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Серік Қонақбаев Нұрдос Төлебай мен Армат Арманұлының жаттығу лагеріне арнайы барып, спортшыларға кеңесін айтты.

Бұл ретте Қонақбаев жас боксшылардың спарринг-кездесулерін бақылап, олардың физикалық дайындықтарын жоғары бағалаған. Сондай-ақ, Таиландта өтетін маңызды жекпе-жектер алдында игі тілегін білдірген.

Қазіргі уақытта жас спортшылардың дайындығына кәсіби бокста танымал болған Асхат Уалиханов жауапты ретінде бекітілген.

Естеріңізге сала кетейік, Нұрдос Төлебай мен Армат Арманұлы 1 ақпан күні Таиландтың Бангкок қаласында Irfin Promotions және TL Boxing Promotion ұйымдастыратын бокс кешінде өнер көрсеткелі отыр.

 

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам