ЖБ Шоу! Жаңа шығарылым! Минсктегі оқиға: маскүнем жанкүйерлер, Ұлы Жеңіс және масқара жеңіліс

Дмитрий Биволдың экс-әйелі оны әлеуметтік желіде қорлағаны үшін соттан ескерту алды

16.01.2025, 14:29

Екеуі бірер жыл бұрын ажырасқан болатын

Дмитрий Биволдың экс-әйелі оны әлеуметтік желіде қорлағаны үшін соттан ескерту алды
Валерий Шарифулин/ТАСС

Белгілі кәсіпқой боксшы Дмитрий Биволдың бұрынғы әйелі Екатерина Биволға қатысты сот шешім шығарды. Әлеуметтік желіде экс-күйеуіне балағат сөздер айтып, жеке басын қорлағаны үшін оған қатысты үш хаттама толтырылған.

Санкт-Петербург сотының баспасөз хатшысы Дарья Лебедеваның айтуынша, 13 қаңтарда өткен сот отырысында судья әрбір хаттама бойынша Екатерина Биволға ескерту жасаған. Жалпы, Ресейде ғаламторда адамды қорлаған жағдайда ең жоғарғы жаза ретінде жеке тұлғаларға 10 мың рубльге дейін айыппұл салынады.

Дмитрий мен Екатерина Бивол 2013 жылы үйленіп, ортақ некеден екі ұл сүйген еді. Алайда, олар 2023 жылдың жазында ажырасып кетті. Осыдан кейін Екатерина бұрынғы күйеуіне қатысты әлеуметтік желіде бірнеше рет жағымсыз жазба жариялады. Сондай-ақ, ол балаларының әкесіне материалдық талап қойып, 200 млн рубль және Санкт-Петербургтің орталығынан екі пәтер алып беруін талап етті. Дмитрий бұл талаптардың ешбірін орындаған жоқ.

Айта кететін жайт, Дмитрий Биволға Санкт-Петербург билігінің өкілдері тұрақты жанкүйерлік етеді. Мәселен, жергілікті Заң шығару жиналысының депутаттары мен қаланың атқарушы билік мүшелері боксшыны жеңісімен тұрақты түрде құттықтап отырады. Олардың арасында парламент спикері Александр Бельский мен вице-губернатор Борис Пиотровский де болды. Бұдан бөлек, 2023 жылы Бивол губернатор Александр Бегловтың қолынан «Ресейдің еңбек сіңірген спорт шебері» төсбелгісін алған.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам