Ойынды бастаңыз! 100% кэшбэк + 250 000₸ салым бонусы үшін қосылу
Логотип Betsson
Бонус 250 000 тг

Лицензия №24176312 от 15.04.2024

Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Төрехан Сабырхан мен танымал актер спарринг өткізіп, қызу талқыға түсті (ВИДЕО)

21.01.2025, 14:54

Көпшілік Төреханның өнеріне жоғары баға берген

Төрехан Сабырхан мен танымал актер спарринг өткізіп, қызу талқыға түсті (ВИДЕО)
Видеодан кадр

Бокстан жастар арасында әлем және Азия чемпионы, ел біріншілігінің жеңімпазы Төрехан Сабырхан белгілі актер Еркебұлан Тоқтармен спаррингтік жекпе-жек өткізді.

Жаттығу барысында белгілі Еркебұлан Тоқтар жас боксшыға қарсы тәуір жұдырықтасқаны желіде таралған бейнежазбада анық байқалады. Көпшілік талқысына түскен екеудің өнеріне жанкүйерлер пікір білдіріп, Төреханның өнеріне жоғары баға берген.

«Төреханның жылдамдығына сөз жоқ», «Рингті екеуі де сезінеді», «Мықты болғың келсе, мықтымен сынға түсу керек», «Актер болса да мықты спортшы», - деген сыңайда пікір жазып қалдырған.

67 келіде өнер көрсететін Төрехан Сабырхан былтыр жастар арасында әлем және Азия біріншілігінде топ жарған болатын. Желтоқсан айының соңында ол Қарағандыда ересектер арасында өткен ел чемпионатында топ жарды. Финалда оның қарсыласы атанған С.Төлтаев денсаулығына байланысты жекпе-жекке шыққан жоқ. Осылайша жастардан ересектер құрамасына ауысқан ол алда маңызды турнирлерде бақ сынайтын болады.

Еркебұлан Тоқтар актер ретінде көпшілікке танымал. Дегенмен, ол спортта өзінің бағын сынап, алдағы күндері кәсіпқой бокста бағын сынап көруге бел буып отыр.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам