Ойынды бастаңыз! 100% кэшбэк + 250 000₸ салым бонусы үшін қосылу
Логотип Betsson
Бонус 250 000 тг

Лицензия №24176312 от 15.04.2024

Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Қазақстандық танымал боксшы қыз кәсіпқой боксқа ауысып кетті

03.02.2025, 17:22

Ол әлемнің абсолютті чемпионы атануды көздеп отыр

Қазақстандық танымал боксшы қыз кәсіпқой боксқа ауысып кетті
instagram.com/safronovamilana1

Қыздар боксынан Азия чемпионы және әлем чемпионатының қола жүлдегері Милана Сафронова мансабын кәсіпқой бокста жалғастыратын болды. Бұл туралы ол өзінің Instagram-парақшасында жазды.

Айта кетейік, Сафронова әлем чемпионатында қола жүлдегер атанған. Сондай-ақ, Азия чемпионы және екі рет қола жүлдегері болған еді. Ол 64 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен.

«Мен әрдайым өз елімнің туын әлемдік ареналарды көтеруді армандайтынмын және осы мақсатыма жетуге кәсіпқой бокста да барымды саламын. 

Қазір менің жаңа мақсатым – қыздар боксынан әлемнің абсолютті чемпионы атану. Алғашқы оқу-жаттығу лагері Таиландта болды, ең мықты бапкерлермен жаттықтым. Осылайша ресми түрде кәсіпқой боксқа ауыстым. Бірінші жекпе-жегімнің уақытын сіздерге қосымша айтамын. Менің ең мықты командаммен чемпиондық титулдарды Отаныма әкелуге уәде беремін», - деп жазды Сафронова әлеуметтік желіде.

Еске салайық, қыздар арасындағы кәсіпқой бокста қазіргі таңда Қазақстаннан Ангелина Лукас пен Балауса Мұздыман өнер көрсетіп жүр.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам