Черчесовтың түбіне «қазақ тілі» жетті ме? Жаңа бапкерге – жаңа талап. Қазақты мазақ қылғандар туралы

Әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы Астанада танымал емес африкалық боксшымен жұдырықтасады

05.02.2025, 14:49

Жәнібек чемпиондық титулын алғаш рет туған жерінде қорғамақ

Әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы Астанада танымал емес африкалық боксшымен жұдырықтасады
TopRank

Кәсіпқой бокстан орта салмақта WBO/IBF нұсқасы бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (16-0, 11 КО) 5 сәуірде Астанада кезекті жекпе-жегін өткізеді. Оның қарсыласы да белгілі болды.

ESPN тілшісі әрі инсайдер Майк Коппинджердің дерегінше, Жәнібек Франция атынан шығып жүрген Анауэль Нгамиссенгпен кездеседі. Қарсыласы негізі Конго демократиялық республикасында дүниеге келген. Осыған дейін 13 жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жеткен. Бірақ ТОП дәрежедегі боксшылармен жұдырықтасып көрмеген.

Жәнібек Әлімханұлы қазіргі кезде Түркістан облысы Төлеби ауданында орналасқан «Алматау» базасында дайындықты бастап кетті. Әзірге жекпе-жегі туралы ресми ақпарат жоқ. Егер 5 сәуірде Астанада жекпе-жек өткізсе, бұл оның туған жердегі алғашқы белбеуін қорғауы болмақ.

Естеріңізде болса, Жәнібек Әлімханұлы соңғы рет шаршы алаңға былтыр қазан айында Сиднейде (Аустралия) шығып, тоғызыншы раундта Жаңа Зеландия өкілі Андрей Михайловичті (21-1, 13 КО) техникалық нокаутпен жеңген.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам