Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

«Нокаутпен жеңемін»: Балауса Мұздыман Ангелина Лукасты жекпе-жекке шақырды

05.02.2025, 22:20

Ол Лукасты нокаутпен жеңе алмаса өз гонорарын толық беруге дайын екенін айтты

«Нокаутпен жеңемін»: Балауса Мұздыман Ангелина Лукасты жекпе-жекке шақырды
коллаж: 1bol.kz

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Балауса Мұздыман өзінің байырғы қарсыласы Ангелина Лукаспен жекпе-жек өткізгісі келетінін мәлімдеді.

Еске салайық, боксшы қыздардың жолы әуесқой бокста түйісіп, жекпе-жек соңы дауға ұласқан еді. Төрешілер Балаусаның қолын көтергеннен кейін Ангелина мен оның бапкері әділетсіздік болғанын айтып, бірнеше рет шағымданған.

«Бәріңіздің асыға күтіп жүрген жекпе-жек Ангелина екеуіміздің өзара тартысымыз екені сөзсіз. Ангелина не себепті жекпе-жектен қашып жүргенін білмеймін. Бірақ, Ангелина, мен сені нокаутпен ұтатыныма сенімдімін. Егер де нокаутпен ұтпаған жағдайда өзімнің гонорарымды беруге дайынмын. 100 000 доллорды бұған дейін сен ешқандай жекпе-жекте алмағансың және де ала алмайтыныңа да сенемін», - деп жазды Балауса Мұздыман.

Балауса кәсіпқой бокста бес рет жекпе-жек өткізіп, бесеуінде де жеңіске жеткен. Ангелина болса 12 жекпе-жектің тек біреуінде жеңіліп, басқасының бәрінде жеңіске жетті. Ол өткен аптада «IBA Чемпиондар түнінде» жекпе-жек өткізді.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам