Ангелина Лукас тағы да жеңіске жетті

09.02.2025, 10:30

Ол небәрі 8 күнде екі жекпе-жек өткізіп үлгерген

Ангелина Лукас тағы да жеңіске жетті
instagram.com/angelina_lukas1997/

Аса жеңіл салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы қыз Ангелина Лукас кезекті жекпе-жегін өткізіп, жеңіске жетті.

Стамбұлда өткен бокс кешінде Лукас венесуэлалық Джоана Зунигамен жұдырықтасқан. Төрешілер шешімімен Қазақстан боксшысы жеңіске жетті.

«Латын Америкасынан келген боксшымен болған жекпе-жектегі жеңісімді сүйікті еліме, отбасыма және әрбір жанкүйеріме арнаймын. Менің жолым мен еңбегім ауыр, бірақ жеңістің наны тәтті. Қиындықтың бәрін жеңістен кейін ұмытып кетесің», - деп жазды Лукас өзінің Instagram-парақшасында.

Осылайша Ангелина Лукас кәсіпқой бокстағы 13-ші жеңісіне қол жеткізді. Ол бір рет жеңілген. Ал, Зунига болса 18 рет жеңіп, 9 рет жеңілген.

Айта кету керек, Лукас бұған дейін рингке 31 қаңтарда шыққан болатын. Мәскеуде өткен «IBA Чемпиондар түнінде» ол нигериялық боксшыны техникалық нокаутпен жеңген болатын.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 10
Ұнамайды 0
Күлкілі 1
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам