Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Испаниядағы турнирге қатысқан қазақстандық 25 боксшының тек алтауы алтын алды

09.02.2025, 02:56

Үш боксшы күміс медаль алды

Испаниядағы турнирге қатысқан қазақстандық 25 боксшының тек алтауы алтын алды
Қазақстан бокс федерациясы

Испанияның Ла-Нусия қаласында өткен бокстан халықаралық турнирде Қазақстанның ерлер құрамасы 6 алтын медаль еншіледі. Жарысқа біздің елден барлығы 25 боксшы қатысқан болатын.

Финалға Қазақстан құрамасының тоғыз боксшысы шыққан. Дегенмен, олардың алтауы өзара жұдырықтасты. Ал, қалған үшеуі өзге ел боксшыларымен рингке шығып, үшеуі де жеңіске жетті.

Атап айтқанда, Нұрзат Оңғаров (48 кг), Бағлан Кенжебек (54 кг), Ерхан Тұрдан (57 кг), Бейбарыс Жексен (60 кг), Алмат Әбдуали (63,5 кг) және Дархан Дүйсебай (71 кг) жарыс чемпионы атанып отыр.

Финалдық жекпе-жектер:

  • 48 кг. Нұрзат Оңғаров — Ернар Қарап — 4:1
  • 54 кг. Бағлан Кенжебек — Ақтілек Орынбасар — 5:0 
  • 57 кг. Ерхан Тұрдан — Ислам Торобаев (Қырғызстан) — 5:0 
  • 60 кг. Бейбарыс Жексен — Айдер Абдураимов (Украина) – қазақ боксшысы қарсыласының шықпауына байланысты жеңіске жетті 
  • 63,5 кг. Жандос Қыдыралиев — Алмат Әбдуали — 2:3
  • 71 кг. Дархан Дүйсебай — Патрик Хьюитт (Англия) — 4:1

Еске салайық, қыздар құрамынан аталған жарысқа 4 боксшымыз қатысқан болатын. Олардың екеуі финалға шыққанымен, алтын медаль ала алған жоқ.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам