Алаңда жан тапсырған футболшылар. Жаңа шығарылым!

Бокстан әлем чемпионы Санжар Тәшкенбай әскерге барып, ант қабылдады

30.12.2023, 10:48

«Отанды сүю иманнан» дейді ол

Бокстан әлем чемпионы Санжар Тәшкенбай әскерге барып, ант қабылдады
Instagram

Әуесқой бокстан әлем чемпионы, Қазақстан құрамасының мүшесі Санжар Тәшкенбай әскери борышын өтеп жатыр. Ол кеше Отанын қорғауға ант беріп, қолына қару алды.

Ант беру сәтінен түсірілген фотосуретті боксшы өзінің Instagram-парақшасында жариялап, «Отанды сүю иманнан» деген жазба қалдырған.

Санжар әскери борышын әскери бөлімде жатып өтей ме, әлде жаттығу залына еркін барып, жарыстарына дайындала ма – ол жағы әзірге айтылмады.

Еске салайық, Санжар Тәшкенбай биыл Ташкентте өткен әлем чемпионатында 48 келіде өнер көрсетіп, жарыс жеңімпазы атанған болатын.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам