Өзбекстандағы қазақ боксшысы Руслан Абдуллаев кәсіпқой бокстағы дебютін өткізеді

05.03.2025, 09:40

Оның қарсыласы кәсіпқой рингте 19 рет жеңілген мексикалық боксшы болмақ

Өзбекстандағы қазақ боксшысы Руслан Абдуллаев кәсіпқой бокстағы дебютін өткізеді
Өзбекстан ҰОК

Өзбекстандық этникалық қазақ – бокстан әлем чемпионы Руслан Абдуллаев кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегін АҚШ-та өткізетін болды.

Қандасымыздың дебюті 6 наурызда Калифорнияда өтетін кәсіпқой бокс кешінде жасалады деп күтілуде. Оның қарсыласы мексикалық Валенсуэла Альвара болмақ. 36 жастағы боксшы кәсіпқой рингте 23 жекпе-жек өткізіп оның 19-да жеңілген екен және тек үшеуінде ғана жеңіске жеткен. Бір жекпе-жегі тең аяқталыпты.

Руслан Абдуллаев болса әуесқой бокстан 2023 жылғы әлем чемпионы. Сондай-ақ, 2022 жылы Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алған. Биыл қаңтар айында Өзбекстан чемпионатында жеңіске жеткен. Ол кәсіпқой боксқа ауысатынын былтыр Париж Олимпиадасындағы сәтсіздігінен кейін мәлімдеген болатын.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 9
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам