Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Әлем чемпионаты: Қазақстанның 6 боксшысы жартылай финалға шықты

14.03.2025, 02:59

Жарысқа барлығы 12 боксшы қызымыз барған еді

Әлем чемпионаты: Қазақстанның 6 боксшысы жартылай финалға шықты
Қазақстан бокс федерациясы

Сербияда өтіп жатқан бокстан қыздар арасындағы әлем чемпионатының жартылай финалистері анықталды. Чемпиондық үшін таласты Қазақстанның алты боксшысы жалғастырады.

Бұған дейін жазғанымыздай, ширек финалға Қазақстан құрамасынан 10 боксшы шыққан болатын. Олардың төртеуі бүгін жеңілді. Атап айтқанда: Жайна Шекербекова (54 кг) сербиялық Сара Сирковичпен жұдырықтасқан болатын. Қазақ боксшысы қарсыласынан бір бас жоғары өнер көрсеткенімен, жеңімпазды анықтауға қосымша төрешілер жұмылып, нәтижесінде жеңіс 4:3 есебімен серб қызына берілді.

66 келіде өнер көрсеткен Жасмин Кизатова да жүлдеге іліне алмады. Ол Ресей атынан өнер көрсететін этникалық қазақ Альбина Молдажановадан жеңілді.

Әлем чемпионатының үш дүркін жүлдегері, Азия чемпионы Карина Ибрагимова (57 кг) болса қытайлық Ян Каймен жұдырықтасып, 1:4 есебімен жол берді.

75 келідегі Надежда Рябец те серб боксшысына жеңілді. Төрешілердің пікірінше, Николина Гажич 4:1 есебімен басым болған.

Ал, жартылай финалға шыққан алты боксшымыз енді 14 наурызда финалдық жолдаманы сарапқа салады.

48 кг

  • Назым Қызайбай – Рионг Кионг Хонг (Таиланд)

50 кг

  • Алуа Балқыбекова – Биол Кум Ан (Таиланд)

60 кг

  • Виктория Графеева – Наталья Шадрина (Сербия)

63 кг

  • Аида Әбікеева – Елена Бабичева (Ресей)

70 кг

  • Наталья Богданова – Лиза Едел Орук (Ирландия)

+81 кг

  • Елдана Талипова – Дарья Сазонова (Молдова)
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам