
Тағы бес боксшымыз бүгін жарыс жолына шығады
Қазақстандық боксшы Виктория Графеева (60 кг) Сербияның Ниш қаласында өтіп жатқан қыздар арасындағы бокстан әлем чемпионатының жартылай финалында жеңіске жетті.
Отандасымыз жарыс қожайыны – сербиялық Наталья Шадринамен жұдырықтасқан болатын. Тартысты өткен жекпе-жекте төрешілер жеңісті 4:1 есебімен Графееваға берді.
Бірінші раундта серб боксшысы басым болған. Алайда, қалған екі раундта Қазақстан спортшысы жинақылық танытып, сауатты шабуылдармен көзге түсті.
Осылайша Виктория Графеева Қазақстан құрамасы сапында әлем чемпионатының финалына шыққан алғашқы боксшы атанды. Енді ол жарыстың алтын медалі үшін таласады.
Айта кетейік, Графеева қазіргі Азия чемпионы. Ол қазақ тілінде еркін сөйлейді.
Бүгін Қазақстан құрамасының тағы бес боксшысы жарыс жолына шығады.