ЛЧ-ға Марат Достаевпен болжам! ЖБ Шоу! Жаңа шығарылым

«Жәнібекпен жекпе-жекке дайынмын»: Мейірім Нұрсұлтанов мәлімдеме жасады

07.04.2025, 09:13

Бұған дейін кәсіпқой бокста чемпиондық титул үшін қос қазақ жұдырықтаспаған

«Жәнібекпен жекпе-жекке дайынмын»: Мейірім Нұрсұлтанов мәлімдеме жасады
instagram.com/meiirim.nursultanov/

Кәсіпқой бокстан орта салмақта қазақтың қос боксшысы өзара жұдырықтасуы мүмкін. Әлі жеңіліп көрмеген Мейірім Нұрсұлтанов (20-0, 11 КО) IBF және WBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлымен (17-0, 12 КО) жекпе-жек өткізуге дайын екенін мәлімдеді.

Алайда, Мейірімге алдымен чемпиондық белбеулердің бірін жеңіп алу керек деп жазады Sportnews.kz.

«Кез келген кәсіпқой боксшы әлемнің абсолютті чемпионы болсам деп армандайды. Мен де дәл солай. Егер Жәнібек екеуміздің жолымыз рингте түйіссе несі жаман? Білуімше, ол да қарсы емес. Ол үшін мен алдымен чемпиондық белбеудің бірін жеңіп алуым керек», - деді Мейірім Нұрсұлтанов.

Айта кетейік, Мейірімнің келесі жекпе-жегі WBC тұжырымы бойынша әлем чемпионы доминикалық Карлос Адамеспен болуы тиіс. Қос боксшының менеджерлері келісіп жатса чемпиондық титул үшін айқас биыл жазда өтеді деп күтілуде.

Ал, Жәнібек болса 5 сәуірде Астанада өткен бокс кешінде франциялық Анауэль Нгамиссенгені (14-1, 9 КО) нокаутпен жеңді және чемпиондық қос белбеуін қорғады.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам