
Ол кәсіпқой бокста 7 жекпе-жек өткізіп, бәрінде жеңіске жеткен
Қазақстандық кәсіпқой боксшы қыз Балауса Мұздыман 5 сәуірде Астанада өткен бокс кешінде филиппиндік қарсыласын жеңген болатын. Осы жеңістен кейін оның менеджері Ұлжан Мұсаханова титулдық жекпе-жек туралы сөз қозғады деп жазады Meta-ratings.kz.
Оның айтуынша, филиппиндік Мария Тереза Пинилимен болған 8 раундтық жекпе-жек үлкен тәжірибе берген.
«Балаусаға 8 раундтық жекпе-жек керек болды. Ол 2017 жылғы дебютін қоспағанда, бұған дейін әлі толық жекпе-жек өткізген жоқ. Балаусаның өзі мұндай жекпе-жек қажет екенін айтты. Енді ол әлем чемпионы атағы үшін күресуге дайын. Кешегі жекпе-жек чемпиондық кездесулерге дайындық аясында маңызды», - деді Мұсаханова.
Айта кетейік, Балауса Мұздыман кәсіпқой бокста 7 жекпе-жек өткізіп, бәрінде жеңіске жеткен, бесеуі нокаутпен.