Өзбекстан – екінші, Үндістан үшінші орынға тұрақтады
Иордания астанасы Амманда бокстан U15 және U17 жас санатындағы боксшылар арасында Азия чемпионаты мәресіне жетті. Қазақстан боксшылары 16 алтын медаль еншілеп, жалпыкомандалық есепте бірінші орын алды.
17 жасқа дейінгі ерлер құрамасы барлығы 5 алтын, 1 күміс, 3 қола медаль еншілесе, қыздар құрамасы 5 алтын, 1 күміс, 6 қола медаль жеңіп алды.
U17 ерлер:
I орын
II орын
III орын
U17 қыздар:
I орын
II орын
III орын
U15 санатындағы ерлер құрамасы да жоғары деңгейде өнер көрсетіп, 4 алтын, 5 күміс және 1 қола медаль еншіледі. Қыздар құрамасы 2 алтын 8 күміс және 3 қола жүлдеге қол жеткізген.
U15 ерлер:
I орын
II орын
III орын
U15 қыздар:
I орын
II орын
III орын
Айта кетейік, командалық есепте Өзбекстан құрамасы 15 алтын медальмен екінші орын иеленсе, тағы 15 алтынмен Үндістан (күміс медальдар саны аз) үшінші орынға табан тіреді.
Ал, жарыстың үздік боксшысы атағы қазақстандық Досжан Жұмаханға (54 кг) берілді.