Астанада өтетін әлем кубогіне өзбек боксшылары қатыспауы мүмкін

03.06.2025, 00:04

Мұның себебі әзірге айтылмай отыр

Астанада өтетін әлем кубогіне өзбек боксшылары қатыспауы мүмкін
Olamsport

Астанада 30 маусым мен 7 шілде аралығында World boxing ұйымдастыруымен бокстан әлем кубогінің екінші кезеңі өтеді. Алайда, бұл жарысқа өзбекстандық боксшылар қатыспауы мүмкін. Бұл туралы спорты журналисі Аян Төлеген өзінің телеграм-каналында жазды.

«Біз ұйымдастырушылармен сөйлестік. Өзбек боксшылары Астанада өтетін Әлем кубогіне мүлде қатыспайтын сияқты…», - деп жазды журналис.

Естеріңізге салсақ, Астанада болатын бокстан әлем кубогінде еліміздің намысын бірінші номерлі боксшылар қорғайды деп күтілуде. Әле кубогінің алғашқы кезеңі сәуір айында Бразилияда өткен болатын. Ол кезде ұлттық құрама 3 алтын, 3 қола медаль жеңіп алған еді.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 7
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 2
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам