
Боксшы қыркүйекте өтетін әлем чемпионатына қатысты пікір білдірді
2021 жылғы әлем чемпионы және Токио-2020 олимпиадасының қола жүлдегері Сәкен Бибосынов 2025 жылы Ливерпульде (Ұлыбритания) өтетін әлем чемпионатына қатысты пікір білдірді.
«Спорт Министрі» YouTube арнасына берген сұхбатында ол бұл біріншілікке қатысу-қатыспауы әзірге белгісіз екенін айтқан.
2025 жылғы 4-14 қыркүйек аралығында Ливерпульде (Ұлыбритания) World Boxing ұйымының ұйымдастыруымен бокстан әлем чемпионаты өтеді. Бұл додаға Қазақстан құрамасының үздік боксшылары қатысады.
— Алдағы мақсат қандай? Ливерпуль ме? Денсаулығыңыз мүмкіндік бере ме?
— Қазір толықтай бабыма келдім. Жаттығу жасап жүрмін. Барлығын ұлттық құраманың бапкерлері шешеді. Қазір бұл салмақта мен бірінші де, екінші де нөмір емеспін. Егер мүмкіндік берілсе, елімді жеңіспен қуантқым келеді. Бірақ шешімді бас бапкер қабылдайды.