Әлем кубогі: Назым Қызайбай ширек финалда өзбек қызымен жұдырықтасады

Бүгін, 14:50

Назым 1/8 финалда өзбек қызы Фарзона Фазиловамен жұдырықтасады.

Әлем кубогі: Назым Қызайбай ширек финалда өзбек қызымен жұдырықтасады
бокс федерациясы

Бүгін Астанада бокстан әлем кубогі басталды. Жарыстың алғашқы күнінде шаршы алаңға әйелдер құрамасының көшбасшысы Назым Қызайбай шықты. 

Отандасымыз 48 келіге дейінгі салмақта Канада өкілі Приянка Диллонмен кездесіп, айқын басымдықпен жеңіске жетті.

Айта кетейік, Назым Қызайбай — 2024 жылғы Париж Олимпиадасының қола жүлдегері. Сондай-ақ, ол соңғы рет Сербияның Ниш қаласында өткен әлем чемпионатында топ жарып, Қазақстан тарихында үш дүркін әлем чемпионы атанған алғашқы спортшы.

Назым 1/4 финалда өзбек қызы Фарзона Фазиловамен жұдырықтасады.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам