Оқырманның махаббаты. Моншадағы кездесу. Қызқұмар футболистер – ЖБ оқиға

Бокстан Азия чемпионаты: Қазақстанның екі боксшысы бірден жеңіліс тапты

01.08.2025, 22:18

19 жасқа дейінгі ерлер құрамасынан 4 боксшымыз шаршы алаңға шықты

Бокстан Азия чемпионаты: Қазақстанның екі боксшысы бірден жеңіліс тапты
ФОТО: Instagram: kstnews.kz

Таиланд астанасы Бангок қаласында басталған жастар мен жасөпірімдер арасындағы Азия чемпионатында екі қазақстандық спортшы жарысты ерте аяқтады.

 Бәсекенің алғашқы күнінде 19 жасқа дейінгі ерлер құрамасынан 4 боксшымыз шаршы алаңға шықты.

50 келіде сынға түскен Әділ Асқанбай кореялық Юнвон Чоймен жекпе-жек өткізді. Отандасымыз қарсыласына 2:3 есебімен есе жіберіп, жарысты аяқтады. Ал 70 келіде бақ сынаған Бейбарыс Әшірбай түркіменстандық боксшыдан басым түссе, 80 келіде өнер көрсеткен Тимур Тайбеков Сингапур елінің боксшысынан ұтылды.

Аса ауыр салмақта ел намысын қорғаған Бексұлтан Қайратұлы өзбекстандық Ислам Салиховтан айласын асыра алмады. Осылайша Бексұлтан Қайрат пен Әділ Асқанбай үшін Азия чемпонаты аяқталды.

Айта кетейік, бұған дейін қыздар арасынан Диана Серікбаева (48кг), Айым Таңқыбаева (51кг), Жанель Имантаева (54кг) және Аяжан Ермек (57кг) бірінші жекпе-жектерінде қарсыластарын айқын басымдықпен жеңіп, келесі кезеңге жолдама алған еді.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 2
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам