Оқырманның махаббаты. Моншадағы кездесу. Қызқұмар футболистер – ЖБ оқиға

Аман Қонысбеков Азия чемпионатын аяқтады

04.08.2025, 17:47

Жеңіс Болтаевқа берілді.

Аман Қонысбеков Азия чемпионатын аяқтады
бокс федерациясы

Бокстан Таиланд астанасы Бангкокта өтіп жатқан жастар арасындағы Азия чемпионатында (U-22) Қазақстан мен Өзбекстан құрамалары арасындағы кезекті қызықты жекпе-жек өтті.

75 келі салмақ дәрежесінде ширек финалда қазақстандық Аман Қонысбеков өзбекстандық Шавкатжон Болтаевпен жұдырықтасты. Жекпе-жек өте тартысты және ашық өтті, Екі боксшы жиі соққы алмасты. Алайда соңында төрешілердің екіге бөлінген шешімімен жеңіс Болтаевқа берілді. Осылайша ол жартылай финалға жолдама алып, кем дегенде қола медальді қамтамасыз етті. Ал Қонысбеков жүлдеден тыс қалды.

Айта кетейік, Аман Қонысбеков – Өзбекстан тумасы. Алайда ол 2024 жылы Қазақстан азаматтығын қабылдаған болатын. Биыл мамыр айында Аман Шри-Ланка астанасы Коломбода өткен IBA ұйымдастырған жастар арасындағы Азия чемпионатында чемпион атанған.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам